Сөздәйектер галереясы
Егер біздің қоғам дұрыс ұйымдастырылған болса, онда ғылымдардың ішіндегі ең маңыздысы педагогика болар еді, ал оның мақсаты әр балада өзіне тән және тек оған ғана тән асыл дарынын тауып, дамыту болар еді.
Борис Акунин
Университет Ашық есік күніне шақырады
Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 2015 жылғы 4 желтоқсанда "Менің таңдауым - М.Қозыбаев атындағы СҚМУ" тақырыбында ашық есік күнін өткізеді.
Түлектерге оқу корпустары, кітапханалар, университет тарихы мұражайы, обсерватория, бассейн, спорт залдары бойынша экскурсия ұйымдастырылады. Формалды емес түрдегі әңгіме шеңберінде мектеп және колледж түлектері таңдаған мамандықтары бойынша тегін консультация ала алады, оқытушылармен кездесе алады, кафедраларға, факультеттерге және лабораторияларға бара алады.
Ашық есік күні бағдарламасы:
| 900 – 1000 | Қатысушыларды тіркеу |
| 1000 – 1130 | №1 корпустың акт залында университет басшылығымен кездесу |
| 1200 – 1500 | ЖОО бойынша экскурсия, консультациялар алу |
24.11.2015
