"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.

В.А.Сухомлинский

"Дипломмен бірге алғым келетін қасиеттер" атты эссе байқауы қорытындыланды

Қараша айында дәстүрлі Сапа апталығы шеңберінде сапа менеджменті қызметі студенттер арасында "Дипломмен бірге алғым келетін қасиеттер" тақырыбында эссе байқауын өткізді. Апталықтың шығармашылық тақырыбына сәйкес болашақта кәсіби және жеке өмірде көмектесе алатын маңызды қасиеттер туралы өз ойларымен барлық қалаушылар бөлісе алды.

Байқауға барлығы 49 жұмыс қабылданды: бес факультеттің өкілдерінен 30 қазақ және 19 орыс тілдерінде. Сазды-педагогикалық факультеттің студенттері басқаларға қарағанда белсенділік танытты. Жүл делі орындардың көбі соларға берілгеніне таңғалатыны жоқ.

Эссе байқауы сапа менеджменті қызметінің қызметкерлері мен "Қазақ тілі" кафедрасының оқытушыларынан құралған жұмыс тобымен келесі критерийлер бойынша бағаланды:тақырыпқа сай келуі, мазмұндау стилі, ойларының түпнұсқалылығы.

Елуге жуық жұмыс қарастырылғаннан кейін жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1 орын

2 орын

3 орын

Победителей наградили дипломами и призами.

15.12.2015