ASIIN сарапшыларының сапары

2013 жылдың 17-18 сәуір М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ға ASIIN неміс аккредитациялау агенттігінің сарапшылары келіп қайтты. Сарапшылар тобы 5В071800 Электроэнергетика, 6M071800 Электроэнергетика және 5В071600 Аспапжасау білім беру бағдарламалары сапасын бағалады.

Университет үшін бұл білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредитациялаудағы алғашқы тәжірибе. Сапар аясында сарапшылар университет басшылары, оқытушылары, студенттері мен энергетика компаниялардың басшыларымен кездесті. Сарапшылар білім беру бағдарламалары бойынша нормативтік және ұйымдастырушылық-әдістемелік құжаттар, пәннің жұмыс бағдарламалары, студенттік және бітірушілік біліктілік  жұмыстары, оқу-әдістемелік кешендер және басқа да материалдармен танысып өтті. Аккредитациялау процесінің келесі кезеңі – аудит нәтижелерін қарастыру және ASIIN аккредитациялау кеңесі берген бағалар бойынша шешімдер қабылдау.

19.04.2013