Өткен аптада "Бакалаврларды даярлау сапасын арттыру мақсатында жоғары оқу орны мен білім беру жүйесі өкілдерінің өзара әрекеттесуі" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Отырысқа СҚО Білім басқармасының, Петропавл қаласы Білм бөлімінің өкілдері, Дене шынықтыру және спорт басқармасы жетекшісінің орынбасары, мектеп ұстаздары мен ЖОО қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстел басында талқыланған сұрақтардың бірі - "Дипломмен селоға" бағдарламасы. Бұл кадрлар жетіспейтін ауылдық жерлерге түлектерді тартады. Бұл жобаны жүзеге асыру барысында жеті жыл ішінде бірқатар жас мамандар жұмысқа тұрды. Бүгін оларға барлық жағдай жасалған - көтерме ақы төленеді, үйге жеңілдікті несие алу мүмкіндігі бар.
Жоғары оқу орнының жұмыс берушілермен белсенді ынтымақтасуы болашақ мамандарды табысты баярлауға, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі. Бұл М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің беделінің кепілі болып табылады.