СҚМУ-дың үш оқытушысы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағына ие болды

2016 жылдың желтоқсанында Астанада «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру бойынша Республикалық конкурстық комиссиясының кезекті отырысы өтті.

2016 жылдың «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағының иегері болып 58 жоғары оқу орындарынан 200 адам атанды. Конкурсқа республиканың 84 жоғары оқу орнынан 444 үміткер қатысты.

Грант жоғары оқу орындарының оқытушыларына ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мен біліктілікті арттыру мақсатында әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.

 Конкурс қорытындысы бойынша университетіміздің үш оқытушысы осы грантты иеленді:

  1. Қадыров Жанбай Тұрарұлы
  2. Пашков Сергей Владимирович
  3. Таласпаева Жанар Серкешқызы

Құттықтаймыз!

КАЗИНФОРМ материалдары бойынша

11.01.2017