Некоммерческое акционерное общество
"Северо-Казахстанский университет
имени Манаша Козыбаева"
Крупнее
Галерея цитат

Сосуд, хранящий ум и знания - характер человека. Воспитывай свой характер! Предавшись зависти, легкодумию, то и дело попадая под влияние чужих речей и сиюминутных увлечений, можешь утратить твердость характера. Не будет пользы от учения, если нет надежного хранилища для знаний.

Абай Кунанбаев «Слова назидания. Слово тридцать второе»

СҚМУ Бүкіләлемдік денсаулық күнін атап өтті

7 сәуір – Бүкіләлемдік денсаулық күні. Осыған орай білім ордамызда  дене шынықтыру кафедрасының бастамасымен қыздар арасында «Денсаулық фистивалі» ұйымдастырылды. Сайысқа университеттің барлық факультеттері қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара спорт саласын насихаттағанымен маңызды болып саналады.

Сайыс екі кезеңнен тұрды. Біріншісінде топтар аэробиканың негізгі элементтерін көрсетсе, екінші кезеңде күш гимнастикасынан сынасты.  Топтық тапсырмада команда мүшелері ерікті композиция құрастыру қажет еді.  Көрініс 10 балдық бағамен есептелді. Мұнда қатысушылардың біркелкі қозғалысы және әуеннің дұрыс таңдалуы ескерілді. Ал гимнастика жарысында аласа кермеден денені тік ұстап, тартылу тапсырмасы берілген еді. Мұнда олар отырған қалыпта аяғын степке тіреп, қолын 3 см-ге дейін жеткізуі керек болған. Және де ақырғы кезеңде сайыскер арқасына жатып, аяғын тік ұстай тұра қабырғаға дейін жеткізуге тиіс.

Жарыс соңында командаларға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталды.

Білім ордамызда спорт фестивалі жыл сайын өткізілуде. Жылдан-жылға студенттердің көрсеткіштері алға басып жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шараларды жиі ұйымдастырған абзал. Себебі жастар арасында спорт саласын дамытып, насихаттау – мықты денсаулық кепілі.   

07.04.2017