СҚМУ-да профессор Зарқын Тайшыбайдың 75-жылдығына арналған "Қазақстан Республикасында журналистер даярлаудың өзекті мәселелері" атты конференция өтті

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Зарқын Тайшыбай 75 жасқа толды Зарқын Сыздықұлы бабалар өсиетін берік ұстанған жан. 17 жасынан қолына қалам ұстап, қазақ мәдениеті мен тарихының дамуына өзіндік үлесін қосты. 75 жылдық ғұмырында өскелең ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды сіңіріп, қазақ тілінің жанашыры атанды. Ербақыт Амантайұлы - З.Тайшыбайдың шәкірті, Солтүстік Қазақстан облыстық газеті бас редакторының орынбасары: - Зарқын Сыздықұлы қазақтың ұлы ақыны Абылай хан туралы біраз деректерді мұрағат құжаттарына негіздеп жаңартты. Осыдан 3 ғасыр бұрын өзгертілген қазақ ауылдарының атауларын еңбектерінде жазып өтті. Зарқын ағамыз қазақ журналистикасының дамуына үлесін қосты. Ол кісінің бастамасымен Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ журналистика кафедрасы ашылды. Ерлан Тоқшылық - З.Тайшыбайдың шәкірті, «Қазақстан журналистер одағы» СҚОФ төрағасы: - Зарқын Сыздықұлы мені Қарағанбы облысындағы Абай ауданындағы газетке бас редактор болып баруымды ұсынды. Ол жақта журналистика кенжелеп қалғасын мен ұзақ ойланбай, ол кісінің өтінішін орындадым. Жиналыста Қытай, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінің профессорлары жолдаған баяндамалары тыңдалды, құттықтаулар оқылды. Зарқын Тайшыбай ондаған монография мен 200-ден астам ғылыми еңбектер жазған. Жинақтарының қатары "Бабадан қалған байтағым", "Атадан асыл аманат" еңбектерімен толықты. Зарқын Сыздықұлы еліне құрметті азамат, аяулы жар және үлгілі әке. Ол 8 баладан 20 немере мен 2 шөбере сүйіп отыр. Берік Қасен Источник: http://mtrk.kz/kz/mtra-zhanalyktar/bilim-beru/20788-75-letie-izvestnogo-publiczista-zarkyna-tajshybaya-otmetili-v-skgu.html
17.05.2017