Елдің үздік жоғары оқу орындары ұлттық рейтингісінің қорытындылары шығарылды

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚТҚА) елдің үздік жоғары оқу орындарының тоғызыншы жыл сайынғы ұлттық рейтингін ұсынды.

Осы жылы рейтингке көп бейінді, техникалық, гуманитарлық-экономикалық, медициналық және педагогикалық, сондай-ақ өнер бағыттарында білім беретін 57 жоғары оқу орын қатысты.

Жоғары оқу орындарын жан-жақты бағалау үшін рейтингпен үш баға қолданылады: бірінші баға жоғары оқу орындары қызметінің білім беру және ғылыми-зерттеу параметрлерімен анықталады, екінші – репутациялық бағалау – академиялық және ғылыми қауымдастық өкілдерінің пікірін көрсетеді, үшінші баға – жұмыс берушілер арасындағы репутациялық бағалау.

Жоғары оқу орындары білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін бағалау – көп өлшемді рейтинг болып табылады, өйткені ол жоғары оқу орындары қызметінің әр түрлі саласын: профессорлық-оқытушы құрамының қызмет сапасының академиялық статистикалық көрсеткіштерін, студенттер құрамы мен олардың білім нәтижелерін, жоғары оқу орындарының ғылыми және инновациялық қызметін, халықаралық ынтымақтастықты,  сонымен бірге Интернеттегі ақпараттық көрсетілімдерді қамтиды.

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ аталған рейтингте көп бейінді жоғары оқу орындары санатында ұсынылып, 21 ЖОО арасында 15-ші орынды иеленді.

БСҚТҚА материалдары бойынша

27.06.2017