Петропавл қаласында спорт күніне орай жалпықалалық кросс өтті. Бұл шара Қазақстанда 2003 жылдан тамыз айында спортты насихаттау мен салауатты өмір салтын ұстану барысында өткізіледі.
Спорт күніне орай ұйымдастырылған бұл кроссқа тек спортшыларды емес, барлық спорт сүйер қауымның басын қосты. Бұл спорт мерекесіне 500 ден аса адам қастысқан, олардың ішінде мемлекеттік қызметкерлер, білім және спорт мекемелерінің өкілдері бар. Аталмыш шараға қатысудан М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың студенттері мен қызметкерлері де қалыс қалмады.
Біздің университетіміздің студенті – Райымбек Тұрғынбаев өз сөзінде: «Спортпен шұғылдану адам бойында ұстамдылық, шыдамдылық қасиеттерін қалыптастырып, кедергілерді тез жеңіп шығуға көмектеседі және адамды тұтастай жақсы жағына қарай өзгертеді».
Николай Погодин атындағы орыс драма театрынан басталған жүгіріс ары қарай Пушкин, Сүтішев, Жұмабаев және Қазақстан Конституциясы көшелерімен жалғасты. Кішігірім қашықтық – 1200 метр ғана. Бұл жарыс жолын ең жас қатысушы да мүдірмей өтеді.
Бұл жерде жеңілген жандар жоқ себебі, шараның басты мақсаты – спорт сүйер қауым мен салауатты өмір салтын ұстанатындардың басын қосу. Мәре сызығында қатысушыларды ұйымдастырушылардың атынан сертификаттармен марапаттады.