М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-ті EXPO-2017 оқу орынынан жыл бойы үздік оқып, іс-шараларға белсене қатысқан жан - жақты лидер студенттерді Астанаға тегін жіберіп отыр.
Университетімізден 100 студент елордасына аттанады. Барып - қайту билеті, жатын орын, үш мезгіл тамақ – бәрі қарастырылған. Астанаға екі топ студенттер барады. Бірінші топ тамыздың 23-25 аралығында барса, екінші топ 27-29 аралығында жол жүреді.Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Айжан Кудерина ақ жол тілеп, студенттерді сапарға шығарып салды. Астанаға сапар екі күнге созылмақ. Алғашқы күні студенттер халықаралық көрмені тамашалайды. Көрмеден соң студенттеріміз қаланы аралап, көрнекі жерлерінде қыдырмақ.
- Астанаға ЭКСПО көрмесіне жіберіп жатқандары үшін университет басшылығына рахмет! Кім белсенді, кімнің сабағы жақсы сол студенттер университет атынан Астанаға келді. ЭКСПО көрмесінен кейін, біз Байтерек және Думанды аралап қыдыруымыз көзделіп отыр.- дейді Жаратылыстану және ауыл шаруашылық ғылымдары факультетінің студенті Мұхтар Серікбай.
Студенттердің елордадан туған өңіріне көтеріңкі көңіл күймен аттанып келетініне сенеміз. Астана қаласында студенттерімізге көрсетілген құрмет біз үшін баға жетпес сый.