Сөздәйектер галереясы
Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.
ЖАҒФ бірінші курс студенттерінің кросы
14 қыркүйек күні қалалық мәдениет және демалыс саябағында жаратылыстану және ауылшаруашылығы ғылымдары факультетінің бірінші курс студенттерінің дәстүрлі кросы өтті. Кроссқа 60-тан астам ұлдар мен қыздар қатысты. Кросс екі жүгірістен тұрды. Жарыстың бас төрешісі «Дене тәрбиесі» кафедрасының оқытушысы Гоненко С.В. болды. Қыздардың дистанциясы – 1 км, ұлдардікі – 2 км. Қыздар арасында жеңімпаздар атанғандар: 3 орын – Жылқайдарова Мәдина Бе-17-к тобы, 2 орын - Гречман Кристина Хо-17-к тобы, 1 орын – Көшеғалина Инеш Бо-17-к тобы. Ұлдар арасында жеңімпаз атанғандар: 3 орын – Бондаренко Артем ЛРЛ-17 тобы, 2 орын – Жоламанов Әли Бо-17-к тобы, 1 орын – Ержанұлы Әкежан. Жеңімпаздар грамоталармен, ал бірінші орын алған студенттер спорттық кубоктармен марапатталды.
ФЕСН