ТжӘИ-де "Журналистика" мамандығының студенттері Тілдер күніне арналған концерт ұйымдастырылды


Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен «Тіл-ата баба мұрасы » атты поэзия кеші өтті. Мерекелік шараға университетіміздің Журналистика кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты. Аталмыш шараның көздегені өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеріп, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Сондықтан да Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақ тілі мәселесін ұлттың бірлігі үшін пайдалануымыз керек» демекші елімізде тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің де тіліне деген құрметті ұмытпауымыз керек. 
Шарада ф.ғ.к., профессор Зарқын Сыздықұлы Тайшыбай да барлық жиналғандарды мерекемен құттықтап, тіл жанашырлары мен тілдің тазалығын қадағалайтын ең біріншіден журналистер екенін атап өтті. 
Кеш барысында украин, ағылшын, орыс және т.б. тілдерін де әндер айтылып, өлеңдер оқылды.Тілімізді сақтап дамыту – бәріміздің қасиетті міндетіміз.Ұлы тіліміздің мәртебесі өсіп асқақтай берсін.

День языков ИЯиЛ

16.10.2017