"Қозыбаев оқулары-2017" ХҒТК панельдік секциялар жұмысын ЖАҒФда ұйымдастыру.

12.10.2017ж. ЖАҒФда  М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың 80-жылдығына арналған «ҚОЗЫБАЕВ ОҚУЛАРЫ – 2017: Қазақстан және уақыттың заманауи үндеулері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның «Жаратылыстану ғылымдары» және  «Ауылшаруашылық ғылымдары»секцияларының жұмыстары ұйымдастырылды.    «Ауылшаруашылық ғылымдары» секциясының көшпелі отырысы "Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС базасында өтті. Секциялар жұмысы аясында "Химиядағы компьютерлік оптикалық микроскопия" шеберлік класы  (жауаптылар х.ғ.к., доц.Дюрягина А.Н., аға оқытушы Островной К.А.), ағылшын тілінде ашық сабақ "Жасушаның құрылысы" (аға оқытушы Корнилова А.А.) және  таксидермиядан шеберлік класс (ЖБ кафедрасының оқытушысы Зубань И.А.) өткізілді. Одан кейін қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. Қатысушылар қатарында Ресей мен ҚР-ның жоо-ы мен ұйымдарынан қонақтар болды. Соның ішінде, Казан федеральды университеті, П.П.Ершов атындағы  Ишим педагогикалық  институты, Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік  аграрлы  университеті  , ФМБҒМ «Сібір құс шаруашылығы ғылыми – зерттеу  институты; "Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-инновациялық орталығы ЖШС,  "А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС  өкілдері болды. 

23.10.2017
ФЕСН