Сөздәйектер галереясы
Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.
Халықаралық қысқы мектеп
6М070100 «Биотехнология» мамандығы бойынша:
- Дюсембекова К.Б.
- Байсеит Г.А.
- Турсунбаев С.Ж.
- Шукеев А.К.
- Имантаев М.М.
құрамына кірген, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ «Ауыл шаруашылық» кафедрасының магистрантар командасын жеңіспен құттықтаймыз! Олар Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлы университетінде 22.01.2018.-03.02.2018 кундер аралығында өткен халықаралық қысқы мектепке қатысып, «Өсімдік шаруашылықтағы агроинновация» бағыты бойынша, алты мемлекеттерден(Қазақстан, Корея, Ресей, Украина, Қырғызстан, Белоруссия) ұсынылған 12 стартап-жобалардан «Family food» сау тамақтану стартап-жобасымен 2-ші орынға иеленді.(ғылыми шетекшісі: «Ауылшаруашылық» кафедрасының меңгерушісі, ауылшаруашылық ғылының кандидаты, доцент Шаяхметова А.С.)
Магистранттар сабақтар мен семинарлар (У.У. Успанова атындағы «Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты» ЖШС) Қазақстан Республикасының және ТМД елдерінің(Қырғызстан, Ресей, Украина) жетекші профессорлары тарапынан жоғары әдістемелік деңгейде өтті.
ФЕСН