АҒШФ VI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2018 жылдың 16 ақпанында Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің жаратылыстану және ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінде «Жаратылыстану  және ауыл шаруашылық ғылымдары саласындағы ғылым мен білімнің актуальды мәселелері» атты VI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның жұмысына Қазақстанның барлық аймақтарының, жақын шетелдің елдерінің, соның ішінде Ресейдің және Беларусияның ғалымдары, сонымен бірге СҚО мемлекеттік органдары мен ғылыми қоғамдастықтарының  өкілдері қатысты.

Пленарлық отырыстарға Якут мемлекеттік ауыл шаруашылық академиясынан, Еңбекті қорғау және кәсіби аурулар Ұлттық орталығынан, Омбы мемлекеттік университетінен, Ишим педагогикалық институтынан, Павлодар мемлекеттік   педагогикалық университетінен келген қонақтар қатысты.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша ұсынылды:

-          Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы ғылымның жетістіктері мен болашағы;

-          Экологиялық-географиялық зерттеулер;

-          Химия саласындағы ғылым мен білімнің өзекті мәселелері;

-          Мектепте және жоғары оқу орнында  оқу үрдісін оңтайландыру;

-          Өсімдік және жануарлар әлемін  биологиялық-генетикалық зерттеулер.

          Конференция соңында одан әрі ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді. Конференция материалдары бойынша жұмыстардың жинағы жарық көрді.

 

27.02.2018
ФЕСН