Наурыз мерекесі қарсаңында және «Ұлттық киім» акциясы

Наурыз мерекесі қарсаңында және  СҚМУ өткізген «Ұлттық киім» акциясына орай ЖАҒФ студенттері мен оқытушылары педагогикалық еңбектің ардагері, біздің облыстың еңбек сіңірген өлкетанушысы Яворская Вера Никитичнаға барды. Кездесу «Серпін» бағдарламасы бойынша оқитын Г(б)-17қаз. тобының ұлттық киім киген білім алушыларының өздері дайындаған бауырсақтары қойылған мерекелік дастархан басында өткізілді. Вера Никитична балаларға өзінің отбасы, жұмысы туралы және болашақта Петропавл қаласы  туралы кітап шығару жоспарлары туралы қуана айтты.

19.03.2018
ФЕСН