Сөздәйектер галереясы
Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді.
2025 жылға дейін латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшу мәселесі жөнінде конференция
2018 жылдың 25 қазаны күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшу мәселесі жөнінде конференция болып өтті. Конференцияға Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бөлім басшысы Әбдіхалықов А.Т., Л.Гумилев атындағы Ұлттық университетің профессоры, ф.ғ.д. Әдуалиұлы Б.және кафедрасымыздың оқытушысы, ф.ғ.к. офис жетекшісі Таласпаева Ж.С. қатысты. Ж.С.Таласпаева «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ емлесінің ережелері» тақырыбында баяндама жасады. Конференция барысында біраз мәлімет алынды. Институт басшылығымен жасалған әдістемелік құралдар барлық қатысушыларға таратылды.
