Ұлттық валютаның 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шара

12 қарашада "ҚР Ұлттық Банкі" РММ СҚФ-да ұлттық валюта – теңгенің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиналыс өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімдігінің өкілдері, қаржы ұйымдарының басшылары, банк жүйесінің ардагерлері қатысты. Мерекелік іс-шараға «қаржы және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі Фоот Ю. В. және "Ұлттық валюта – теңгенің тарихы мен рөлі" шығармалар сайысының жеңімпаздары қатысты. Ұлттық банк филиалының директоры Д. Е. Мэлс жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етті. "Қаржы" мамандығының студенттері: Парамонова А., Сапарова Д. 1 орынды иеленді; 2 орын – Мирова О.; 3 орын – Руспекова А.

13.11.2018