«Жас Өркен» жас мамандар бағдарламасының өкілі М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттерімен кездесті

2018 жылдың 30-шы қарашасында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың студенттерімен «Жас Өркен» жас мамандар бағдарламасының өкілі Мирас Абжанов кездесті. Кездесу барысында ол студенттерге «Жас Өркен» жас мамандар бағдарламасы туралы айтты.

«Жас Өркен» бағдарламасы ең жақсы және дарынды түлектерді болашақта «Самұрық-Қазына» Қорының компанияларына жұмысқа орналастыру үшін жұмылдырып, дайындауды көздейді. Жалпы, бұл бағдарлама 2017 жылы бастау алды. Оған бакалавриаттың немесе магистратураның 2017, 2018 және 2019 жылдардағы түлектері қатыса алады.

Жиын барысында студенттер бағдарлама өкіліне сұрақтар қойды. Айта кету керек, биыл бұл бағдарлама 30 жас маманды топ-менеджерлікке даярлайтын болады.

04.12.2018