CҚМУ-да «Интернационалдандырудың ғылым ретінде дамуы және жоғары білім сапасын арттыру» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

2018 жылдың 30 қарашасында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың Агротехнологиялық факультетінде «Интернационалдандырудың ғылым ретінде дамуы және жоғары білім сапасын арттыру» тақырыбында халықаралық ғылыми- тәжірибелік  конференция өтті.

Аталмыш шара Қазақстан Республикасы Агротехнопаркі мен Солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің (ҚХР) ғылыми жобалары шеңберіңде  ұйымдастырылды.  Алқалы жиынға СҚМУ агротехнологиялық факультетінің ПОҚ мен білім алушылары, Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институты ЖШС ғылыми қызметкерлері қатысты.

Конференцияның негізгі мақсаты – агротехнопарк жұмысының аясында 2018 жылы жүргізілген ғылыми-зерттеу жобаларының нәтижесімен таныстыру. Сондай-ақ, жаңа инновациялық технологиялар бойынша тәжірибе алмасу болып табылады. Агротехнопаркте жоба шеңберінде біздің және қытай елінің ғалымдары рапстың майлылығын арттыру мақсатында 10-нан астам зерттеулер жүргізді. Сонымен бірге, олар дала тәжірибелерінде 14 ауыл шаруашылық дақылдарын қарап, өсімдіктердің жалпы саны 70-ке жуық сұрыптарын зерттеген.

Айта кету керек, шара барысында Солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің (ҚХР) өкілі  Zhang Meng рапстың биотехнологиялық әдістерін кеңінен зерттеп, конференцияда олардың әрбір климатта өсуіндегі айырмашылығын атап өтті. Ал Yuhin Yang  ешкінің тұқымы мен сүттілігін арттыруды мақсат етіп отыр. Сол себепті, ол осы үй жануарының сүт спасы мен өнімділігін көбейту үшін ғылыми-зерттеулер жүргізуде.

 

05.12.2018