М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-ға Үндістан елшілігінің екінші хатшысы келді

2018 жылдың 4-ші желтоқсанында М.  Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың басшылығы Астана қаласындағы Үндістан елшілігінің екінші хатшысы Канагасабай Рамалингаммен кездесті.Кездесуді университет ректоры Серік Өмірбаев ашты. Ол қонақты жиналғандармен таныстырып, оған университет туралы да айтты.

Екінші хатшы Канагасабай  Рамалингам оқу ордамызға университет бысшылығы және үндістандық студенттермен кездесуге келген. Оның айтуынша: «Қазақстанның 10 ЖОО-да  4000-ға жуық үндістандық студенттер оқиды, олардың басым бөлігі «Жалпы медицина» мамандығы бойынша білім алады» екен. Жоғары медицина мектебі  М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да ағымдағы жылы ғана ашылған болатын. Бүгінгі таңда мұнда 68 үндістандық студенттер «Жалпы медицина» мамандығы бойынша білім алуда.

Кездесу жылы атмосферада өтті. Жиын соңында оқу ордамыздың ректоры Серік Өмірбаев қонаққа университетімізден естелік ретінде шағын сыйлықтарды тарту етті.

05.12.2018