Сөздәйектер галереясы
Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкірегінде болсын көз. Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
Абай Құнанбаев
Этвеш Лоранд университетінің шәкіртақылық Венгриялық бағдарламасы
Жыл сайын Этвеш Лоранд Университеті шетелдік студенттер қатыса алатын шәкіртақылық бағдарлама ұсынады. Бұл стипендиялық бағдарламаны Венгрия Үкіметі қаржыландырады.
Венгрияның стипендиялық бағдарламасына кіреді:
- Тегін оқыту;
- Ай сайынғы шәкіртақы (оқуды аяқтағанға дейін 12 ай) бакалаврлар мен магистранттар үшін - айына 130 Евро, докторанттар үшін - айына 450 Евро (4 семестр);
- Жатақханада тегін тұру немесе айына 130 Евро қосымша төлем;
- Медициналық сақтандыру.
Өтінім беру мерзімі: 2019 жылдың 15 қаңтарына дейін.
Толық ақпарат сайтта орналастырылған.
https://www.elte.hu/
SH_Study_in_Hungary_2018_2019
21.12.2018
