М. Қозыбааев атындағы СҚМУ-да «Winter festival » өтті

2018 жылдың 25-ші желтоқсанында білім ордамызда «Герман-роман филологиясы» кафедрасының 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен  Жаңа жыл мерекесі қарсаңында дәрсүрлі, жыл сайыңғы «Winter festival» өтті.

Іс-шара 5 тілде (қазақ, орыс, ағылшын, неміс және француз) өтті. Ұйымдастырушылар оқытушылар мен студенттерге арнап, жаңа жыл туралы қызықты сұрақ-жауап ойынын ойнатып, дұрыс жауап бергендерге мандарин жемісін сыйлады. Сонымен қатар, жиында неміс халықтары жаңа жылды қалай қарсалатыны жайлы көрініс көрсетілді. Бұл көрініс шараның ерекшелігі болды деуге де болады.Кездесу барысында студенттер білім берушілерді әр түрлі номинацияларда марапаттап, оларға дипломдар табыстады.

Алқалы жиын әсем әндер, қызықты көріністер,  көрермендердің көтеріңкі көңіл-күйлері мен ду қол шапалақтарына толы болды.

25.12.2018