«Жемқорлыққа жол жоқ» факультеттік байқауының қорытындысы

2019 жылғы қаңтардың 30-ы "Жемқорлыққа жол жоқ" атты факультеттік қабырғалық баяндамалар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.Дәстүрлі байқау жыл сайын күзгі емтихан сессиясының алдында "Бастауыш және мектепке дейінгі білім беру теориясы мен әдістемесі" кафедрасының аға оқытушылары М.Т.Кәсенова мен Ә.Ж.Жүнісова және "Нұр Отан" партиясының "Болашақ" филиалымен М.Қозыбаев атындағы СҚМУ педагогикалық факультетінің 1-2 курс студенттері арасында ұйымдастырылады.Іс-шараның басты мақсаты: студенттердің жемқорлықтық мінез-құлыққа теріс қатынасты  қалыптастыру,білім алушылардың шығармашылық қызметін педагогикалық мамандықтарда білім алушылардың назарын жемқорлық мәселесіне қарату бағыты арқылы ынталандыру және байқауға қатысушылардың құқықтық сана-сезімін және құқықтық мәдениетін жоғарлатпау.

Байқау нәтижесі бойынша III орынды ПМНО-17қ тобы студенттерінің жұмысы, II орынды ДОВ-18қ тобы студенттерінің жұмысы және I орынды ФКС-18-1 тобы студенттерінің жұмыстары иеленді.Оған қоса, байқау ұйымдастырушылары ППС-17 және ДОВ-17қ топ студенттерінің жұмыстарын ерекше атап өтті.Студенттер грамота, сертификат және естелік сыйлықтарға ие болды. 

02.02.2019