«Нұр Отан» партиясының жергілікті кезектен тыс 18-ші конференциясы

2019 жыл «Нұр Отан» париясы үшін өте атаулы, себебі партияға 20 жыл толады. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев партияның съездін ақпан айының соңына бекіткен болатын. Енді «Нұр Отанның» барлық құрылымдық бөлімшелерінде кезектен тыс конференциялар өтуде. 2019 жылдың 6-шы ақпанында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да «Нұр Отан» партиясы «Болашақ» филиалының  жергілікті  кезектен тыс 18-ші конференциясы өтті.  

Жиында «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі  жаңа бағдарламасын және Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқыланды. Аталмыш кездесуге оқу ордамыздың бірінші проректоры Ербол Исақаев пен ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Ақмарал Ыбыраева, сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы «Болашақ» филиалының өкілдері, Дарын мектеп-лицей ұйымының бастапқы партиясының төрағасы Күлзабира Нұртаева мен университетіміздің факультет декандары, оқытушылары және студенттері қатысты.

Іс-шарада университетіміздің бірінші проректоры Ербол Исақаев Елбасы Жолдауындағы ЖОО-дағы білім беру туралы айтып, біздің білім ордамыздың жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ, кездесуге жиналғандар облыстық конференцияға баратын делегаттарды ашық дауыс беру түрінде таңдады.  М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дан облыстық жиынға 15 адам баратын болады.

Шараның соңында, университетіміздің ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Ақмарал Ыбыраева, білім ордамыздың Тіл және әдебиет институтының ғылыми жұмыс және сапа менеджменті жөніндегі деканның орынбасары Елена Гертнерге, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ медиаорталығының жетекшісі Диана Халимоваға және кітапханасының директоры Әсия Бисимбаева партиялық билет табыстады.

07.02.2019