Педагогикалық факультеттегі Қонақжайлылық Күні

    Ағымдағы жылғы ақпанның 25-інен наурыздың 1-іне дейін педагогикалық факультетте алғыс күніне орай іс-шаралар өткізіледі.

    Алғашқы күні "Қонақжайлылық күні" аталып, әр ұлт өкілдерінің ұлттық киімін киген "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу" мен "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының студенттері таңғы сағат 8.15-тен бастап, №5 ОК кірген оқытушылар, қызметкерлер мен студенттерге жақсы күн тілеп, апталық бағдарламаларды таратты.Әр үзілісте үстел үсті ойындары аймағында қалағандар өздерінің алғыс сөздерін алдын-ала дайындалған шағын хаттар арқылы жолдап жатты.Үлкен үзіліс уақытында Ұлттық тағамдар аймағы өз жәрмеңкесін тегін ұсынды.

   Бұл іс-шара арқылы еліміздегі барлық ұлттың татулығын және қазағымыздың қонақжайлылығын көрсетуге тырыстық.

27.02.2019