«Экономика» кафедрасының студенттері 5В050600 - «Экономика» мамандығы бойынша Халықаралық олимпиаданың жүлдегерлері атанды

2019 жылдың ақпан айында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ базасында 5В050600 - «Экономика» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында Халықаралық олимпиада өтті. Байқауға Қазақстанның 5 қаласынан 10 университет қатысты.

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Экономика» кафедрасының студенттері (Дитюк Даниил, Скиба Елена және Рашитова Альбина, Э-16 тобы; жетекшісі – аға оқытушы Терехин А.Н.) жүлделі 2 орынға ие болды.

Олимпиада қорытындысы

06.03.2019
ДИО ОПиИК