«Ғылыми жұмыстың сапасын арттыру» Elsevier семинар-тренингі

2019 жылдың 4 наурызда М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да "Scopus және Science Direct базалары арқылы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру" атты оқыту семинар-тренингі өтті. Шараны университетіміздің кітапханасы мен ғылым департаменті ұйымдастырды.

Аталмыш жиынды Қазақстандағы "Elsevier" компаниясының өкілі Сания Өмірзақова өткізді. Семинар жұмысына 70-тен астам оқытушылар мен ЖОО қызметкерлері қатысты. Кездесуде Science Direct толық мәтінді мәліметтер базасының заманауи мүмкіндіктері, әлемдегі ең ірі реферативтік және аналитикалық ғылыми жарияланымдар мен Scopus дәйексөздер базасына ерекше назар аударылды.

Шараға қатысушыларды Scopus көмегімен, ғалымдар қызықтыратын тақырып бойынша өзекті жұмыстарды тауып, қалай талдай алатынын көрсетті.  Сонымен қатар, оларға әртүрлі метрика бойынша түрлі ғылыми пәндерде беделді журналдарды, авторларды және ұйымдарды салыстыру және анықтауды үйретті. "Elsevier" аналитикалық сервистер жөніндегі консультант басылым журналын қалай таңдау керектігі, авторлық профильдер арқылы материалдарды қалай бақылау керектігі және т.б. туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Ғылыми мақалаларды шетелдік журналдарда жариялау процедурасы да сөз болды. Тренинг барысында қатысушылар ЖОО профилін құрумен байланысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

06.03.2019