Волейболдан «Наурыз мейрамы» кубогы сарапқа салынған жарыс өтті

2019 жылдың наурыздың 5-6 жұлдызында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушылары мен қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өтті. Сайыста «Наурыз мейрамы» кубогы сарапқа салынды. Дүбірлі доданы «Сұңқар» спорт клубы ұйымдастырды.

Жарысқа барлығы 5 құрама қатысты. Әрбір команда 4 ер адам және 2 әйелден құралды. Байрақты бәсеке тартымды әрі өте қызықты болды. Ұстаздар мен қызметкерлер өзара жас ерекшеліктеріне қарамастан, барлығы барынша жоғары деңгейде ойын көрсетті.

«Бақ шаба ма, бап шаба» демекші, жарыс қорытындысында жеңімпаз болып АФ атанды. Жүлделі 2-ші орынға әкімшілік-басқару персоналы командасы ие болды. 3-ші орын ТЭҚФ бұйырса,  ИСТФ 4-ші орыннан көрінді. 

06.03.2019