М. Қозыбаев атындағы СҚМУ интерндерінің өңірдің бас дәрігерлерімен кездесуі

Бүгінде М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Жоғары медицина мектебінің интернатура түлектерінің алдында тұрған негізгі міндеттер: тәуелсіз емтиханды сәтті тапсыру және Солтүстік Қазақстан өңірінде жұмысқа орналасу болып табылады. Бұл үшін университет және Жоғары медицина мектебінің басшылығы ЖОО түлектерінің әлеуетті жұмыс берушілермен жүйелі түрде кездесуін өткізеді.

2019 жылдың 6 наурызында университет қабырғасында болашақ дәрігерлер аймақтың медициналық мекемелерінің бас дәрігерлерімен кездесті: облыстық аурухана - Юрий Белоног, облыстық балалар ауруханасы - Олег Завьялов, 1-ші қалалық аурухана бас дәрігерлерінің орынбасары Ботагөз Сулейменовамен және 3-ші қалалық аурухана - Ержан Әбуғалиевпен.

Олар Солтүстік Қазақстан облысындағы жас мамандар үшін бос жұмыс орындары мен әлеуметтік пакеттер туралы ақпарат беріп, жұмыстың шарттары туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.

07.03.2019