«The Queen of NKSU» сұлулық байқауы

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да осы аптаның ең жарқын оқиғалардың бірі - "университет Ханшайымы" байқауы ұйымдастырылды. Кастингке келген 60 қыздың тек 12-сі ғана іріктеу кезеңінен өтті. Олар 2019 жылдың 12 наурызында университетіміздің бас сахнасында бақтарын сынады.

1 оқу ғимаратының акт залы лық толы. Кейбіреулер қыздарды қолдауға келсе, біреулері әдемі қатысушылардың өнерін тамашаламақ. Мұндай толқудың себебі түсінікті, сұлулық байқауы оқу ордамызда 3 жылдан бері өткізілмеген.

Бұл дәстүрді студенттік ректорат қайта жаңғыртты. 1 ай көлемінде олар қатысушыларға тоқу, ведикалық астрология бойынша мастер-класстар мен фитнестен сабақтар өткізді.

Міне, сұлулық байқауының ақтық сыны. Қыздар сахна төрінде өз өнерлерін паш етуде. Алдымен студенттер сәлемдесіп, өздерін таныстырды.  Олар өлең шумақтарын, ән және би биледі. Әрбір өнер көрсету ерекше  болды. Жанкүйерлер қыздарды белсенді қолдауға тырысты. Қатысушылар үшін олардың достары, ата-аналары және тіпті факультет декандары да қобалжыды. Сайыстың ең қызықты бөлігі шығармашылық кезең болды. Нәзік әрі сұлу қыздар  көрермендерге театрлық қойылымдар, көріністі билер мен әсерлі әндер сыйлады.

Ұйымдастырушылар ұлттық дәстүрлерді де айналып өтпеді. Қазақ ұлттық киімдерін киген қатысушылар сахнада өнер көрсетіп, қонақтарға шағын сыйлықтарды да тарту етті. Сонымен қатар, байқаудың ең дәмді кезеңінде үміткерлер аспаздық дағдыларын көрсетті. Олар қазылар алқасына таңдаулы тағамдар: салаттар, тәттілер және т.б тамақтарды ұсынды.

Сұлулық байқауы әрқашанда сымбаттық пен тартымдылықпен байланысты, сондықтан соңғы кезеңде қыздар сахнаға сәнді көйлектерде шықты. Олардың өнерін қазылар алқасы лайықты бағалады. Барлық қатысушылар арнайы номинациялар мен сыйлықтарға ие болды. Бірақ, нәзікжандылардың әрқайсысы басты сөздерді естігісі келді.

Нәтижесінде, "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының 1 курс студенті Әйгерім Тасболатова "The Queen of NKSU" тәжі мен жеңімпаз атағын жеңіп алды. Осылайша,  «университет Ханшайымы» атағы үшін сайыс өте жарқын және ұмытылмас өтті.  Қатысушылар мен ұйымдастырушылар өздерін жоғары деңгейде көрсетті.

13.03.2019