Сөздәйектер галереясы
Егер біздің қоғам дұрыс ұйымдастырылған болса, онда ғылымдардың ішіндегі ең маңыздысы педагогика болар еді, ал оның мақсаты әр балада өзіне тән және тек оған ғана тән асыл дарынын тауып, дамыту болар еді.
Біздің ЖОО студенті Анара Кәкімова - "Мисс Петропавл -2019" атағына ие болды
Қаламыздың ең сұлу қызы атағы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті - Анар Кәкімоваға бұйырды. Ол "Қаржы" мамандығы бойынша үшінші курста білім алуда. "Белсенді, спортшы әрі сұлу". Шынында да, Анара барлық нәрсеге қол жеткізуде: оқуда - ол үздік, бірқатар ғылыми жобаларды жүзеге асырып отыр, мәселен, бұл экономикалық бейіндегі курстық жұмыстардың халықаралық байқауындағы жеңісі.
Ал, спортта - нәзікжанды бес жылдан бері шұғылданатын көркем гимнастикамен әуестенеді; қоғамдық өмірде-өз елінің тағдырына немқұрайлы қарамайтын жас ұрпақтың жарқын өкілі. "Сұлулық байқауының" барлық кезеңдерінен сәтті өтіп, ол жеңімпаз тәжіне лайық деп танылды. Сондай-ақ, "Мисс Қазақстан - 2019" сынында біздің қала мен университетімізді таныстыру құқығына ие болды.
