Жастар мәдениетінің фестивалі

2019 жылдың 4 сәуірде М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да жастар мәдениетінің фестивалі өтті. Екінші рет өткізіліп отырған шара біздің ЖОО-ның ең белсенді және өршіл студенттері жиылған алаңға айналды.

Биылғы жылы ұйымдастырушылар форматты аздап өзгертті. Жастар жылы аясында көрермен алдында өз саласында жетістікке жеткен студенттер: жас ғалым-химик -Роман Тарунин, әнші, биші және суретші Глеб Синев, ерікті және қоғам қайраткері Наталья Перминова, ҚР спорт шебері, таэквондодан Қазақстан чемпионатының 7 дүркін жеңімпазы, әлем біріншілігінің жүлдегері Глеб Лымарь өнер көрсетті. Олар өздері туралы және әуестіктері туралы айтып, жиналғандарды өзін-өзі дамытуға ынталандырды.

Сөз сөйлеушілер түрлі бағыттарда танымал әндер мен заманауи билерді орындады. Жастар ісі жөніндегі комитет өкілдерінің айтуынша, іс– шараның негізгі идеясы-біздің университет студенттерінің жан-жақтылығын, олардың ғылымдағы, спорттағы, шығармашылықтағы және қоғамдық қызметтегі жетістіктерін көрсету. Ұйымдастырушылар бұған қол жеткізді деген ойдамыз.

05.04.2019