Үстіміздегі жылдың 22-23 наурыз күндері "Болашақ" республикалық бағдарламалар қоры мен шет елдегі қазақ ұлтын қолдау мақсатында құрылған "Отандастар" қоры бірлесіп қол қойған меморондум нәтижесінде Моңғолия мемлекетінің қазақтар көп шоғырланған аймағы Баян-Өлгей қаласына еліміздің 16 ЖОО-ның өкілдері арнайы барып, мектеп түлектеріне оқу орындарын таныстырып, арнайы "Қазақстан білім күндері" атты жәрменке ұйымдастырып келді.
Біздің оқу орнымызда көптеген жылдар бойы шет ел қазақ баласына білім нәрін беріп келе жатқан дайындық факультеті жұмыс жасайды. Foundation факультеті жаңа оқұ жылында да түлектерді қабылдауға әзір!