М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері республикалық олимпиаданың жүлдегерлері атанды

2019 жылдың 4-5 сәуірінде Алматы облысы Талдықорған қаласында"Физика" мамандығының студенттері арасында 11-ші республикалық олимпиада өтті. Аталмыш шара І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде ұйымдастырылды.

Зияткерлік жарысқа Нұр-сұлтан, Ақтөбе, Өскемен, Көкшетау, Қарағанды және еліміздің басқа да аймақтарынан барлығы 15 ЖОО қатысты. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ намысын "Физика" кафедрасының оқытушысы Самат Хасеновтың жетекшілігімен команда қорғады. Қатысушылар 3 кезеңнен өтті: екі теориялық және бір тәжірибелік.

Олимпиада қорытындысы бойынша біздің студенттер 1 жалпыкомандалық орынға ие болды. Жеке сынақта үшінші курс студенті Бақытжан Бегалин екінші, ал Ф(о)-16 тобының студенті Бақыт Тәкенов қола жүлдегер атанды. Студенттер мен олардың тәлімгерлерін осы жеңісімен шын жүректен құттықтап, жаңа жетістіктер тілейміз!

08.04.2019