Жас ғалымдар арасындағы ғылыми жұмыстар байқауы

2019 жылдың 4 сәуір күні университетте жас ғалымдардың ғылыми жұмыстары байқауы өтті. Шарада жеңімпаздар М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры грантына ие болды.  Бір жобаны қаржыландыру сомасы 150 мың теңгені құрайды. Интеллектуалды жарысқа 35 жасқа дейінгі барлық факультеттердің студенттері, докторанттары, магистранттары және оқытушылары қатысты. Олардың зерттеу жұмыстарын құзыретті қазылар алқасы бағалады. Бұл реттегі, негізгі критерийлер олардың әзірлену дәрежесі мен практикалық маңыздылығы болып табылады. Барлығы 12 өтінім берілген.

Бұл байқау Жастар жылы аясында өткізілді. Оның қорытындысы бойынша ректордың бес гранты бөлінді.

08.04.2019