Педагогикалық шеберлік байқауы

2019 жылғы наурыздың 12-13 аралығында БОПӘ - 17қ тобының студенттері "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының студенттері арасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында өткізілген жыл сайынғы халықаралық педагогикалық шеберлік байқауына қатысты.

Байқау мақсаты: болашақ мамандарда педагогикалық мамандыққа қызығушылығын арттыру, оның престижін жоғарлату; студенттердің жеке шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

Биылғы жылы байқау қашықтық түрінде өткізілді.Қатысушылар 3 тапсырма орындады:

  1. Визитка (команданы ұсыну)
  2. Плакат "Мінсіз оқушы"
  3. Сыныптан тыс іс-шараның әзірлемесін дайындау

Байқау нәтижелері бойынша М.Қозыбаев атындағы СҚМУ командасы (Аззамова Оғылжан, Ахметбекова Гүлжан, Жәли Айжан, Муканова Алтынай, төлеби Ақтұрсын) II дәрежедегі дипломдармен марапатталды.

Жетекші М.Т.Кәсенова Абай атындағы ҰПУ ППИ директорының алғыс хатына ие болды.

10.04.2019
ДИО ОПиИК