«Jastar jyly»- на арналған «Жастар және ғылым - 2019» атты VI Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

2019 жылдың 12-ші сәуірінде М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да дәстүрге айналған «Жастар және ғылым - 2019» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Білім алушылардың зерттеу қызметін белсендіруге ықпал ету үшін биылғы жылы бұл жиын алтыншы рет ұйымдастырылып отыр. Оған Қазақстан, Ресей, Украинаның ең ірі ғылыми-білім беру мекемелерінен 300-ден астам баяндама келіп түсті.

Іс-шара барысында тек біздің альма-матердің ғана емес, сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласындағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің,  Ресей Федерациясы, Түмен қаласындағы Солтүстік Орал аграрлық мемлекеттік университетінің студенттері, магистранттары мен докторанттарының да өзекті зерттеулері ұсынылды.  Сондай-ақ, Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласындағы Орал мемлекеттік экономикалық университетінің және Миколас Ромерис атындағы литвалық ЖОО спикерлері жиналғандарға бейне байланыс арқылы сөз сөйледі.

Бұл конференция жастар жылына арналып отырғаны кездейсоқ емес, өйткені М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың білім алушыларын ғылыми жұмысқа тарту үшін барлық жағдай жасалуда. Жалпы, биылғы жылы ғылыми жобаларды әзірлеуге ректордың 5 гранты бөлінген болатын. Олардың әрқайсысын қаржыландыру 150 мың теңгені құрайды. Бұдан бөлек, ЖОО-да жас ғалымдар кеңесі, 65 студенттік ғылыми қоғамы, ҚР Тұңғыш Президент Қоры, ҚР Білім және ғылым министрлігі, Қазақ ұлттық географиялық қоғамы және "Zhas Project" республикалық бағдарламасы қаржыландыратын жобалар жүзеге асырылуда. Облыстың археологиялық объектілерінің базасында мұражайлар құруға, астроқұбылнамалық мониторинг орталығын ашуға бағытталған зерттеулер жүргізілуде, ауыр машина жасау жабдығын қалпына келтірудің лазерлік-плазмалық технологиясы, астық қоймаларын салудың жаңа технологиясы және т. б. патенттелді.

Бұл күні біздің ЖОО-ның жас ғалымдарының жұмысы көптеген марапаттармен жоғары бағаланды. 60-қа жуық адам "Академик Манаш Қозыбаев" медалі және грамоталар мен алғыс хаттарға ие болды. Түстен кейін конференция жұмысы 7 секциялық отырыстарда жалғасын тапты.

12.04.2019