«XXI ғасырдың музейі: музейлердің дамуындағы қазіргі заманғы тенденциялар және перспективалар» атты семинар

2019 жылдың сәуірдің 15-і М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да «XXI ғасырдың музейі: музейлердің дамуындағы қазіргі заманғы тенденциялар және перспективалар» тақырыбында семинар өтті. Бұл шараға облыс бойынша ведомстволық, мемлекеттік, мектеп және колледж мұражайларының қызметкерлері шақырылды.

Семинарға қатысушылар «Археологиялық экспедициялардың музей қорын қалыптастыруындағы рөлі», «Рухани жаңғыру бағдарламасының іске асыру үшін өңірдегі музейлердің қызметі», ««Қазақстан Халқы Ассамблеясы» кафедрасының СҚО музейлер туралы оқу-әдістемелік материалдарын әзірлеуі», «Музей қорларын есепке алу және сақтау бөлімінің жұмысы» тақырыбында баяндамаларды ұсынды. Сондай-ақ, жиында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ғылым және иновациялар жөніндегі проректор Ақмарал Ыбыраева  «Музей» жүйесінің артықшылықтары мен тиімділіне жан-жақты тоқталды.

Шараның басты мақсаттары– қоғамдық сананы жаңғырту міндеттері аясында мәдени мұраны зерделеу, насихаттау саласында тәжірибе алмасу және архивтік, музейлік қызметтерде ақпараттық технологияларды дамытуға қатысты көкейтесті мәселелерді талқылау.

Кездесу барысында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ тарих мұражайында  жиылғандар үшін көрме ұйымдастырылды. Атап өткен жөн, университет музейінің тарихы 1977 жылдан бастау алады. Ондағы жәдігерлер 2 қабатта кезең-кезеңмен орналасқан. Ал семинардың соңында барлық қатысушылар мұражайды аралап, университет тарихымен танысты.

15.04.2019