"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.

Ы.Алтынсарин

"Стартап Болашақ: Менің арманым" республикалық байқауының аймақтық іріктеу кезеңінің ашылуы

Ең креативті, өнерлі әрі талантты. Осының барлығы "Стартап Болашақ: Менің арманым" республикалық байқауының аймақтық іріктеу кезеңіне қатысушылар туралы.Бұл жоба осымен екінші жыл өткізіліп келеді және ең қызықты идеялар авторларын жинайды.Негізгі мақсаты-өмір сапасының стандарттарын жетілдіруге бағытталған жас кәсіпкерлердің әлеуметтік маңызы бар бизнес-бастамаларын қолдау, елдің әлеуметтік-экономикалық өміріне озық білім мен технологиялардың трансфері.

Жалпы алғанда, Солтүстік Қазақстан облысынан байқауға 200-ден астам адам өтінім берді. Олардың барлығы 2019 жылдың 19 сәуірінде М.Қозыбаев атындағы СҚМУ бас корпусына жиналды. Жас бизнесмендерді бірінші проректор Ербол Исақаев қарсы алды. Сондай-ақ, ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілі Дамир Мнайдаров, СҚО әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм басқармасы бөлімінің басшысы Дәурен Тоққожинов және өткен жылғы маусымның супер-финалының жеңімпазы Ақжан Жолдыбаев сөз сөйледі. 

Олар өз жетістіктерімен бөлісіп, табысты бизнесмендер – өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Владимир Богданов және Өскемен қаласының "Стимул" оқу орталығының жетекшісі Галина Самойлова жобаға қатысушыларға тілек білдірді. Сахнада университет әртістері – вокалист Нұрпейіс Өмірзақ және "Антурнан" заманауи және халықтық хореография ансамблі өнер көрсетті.

Енді қатысушылар екі күн аралығында - кәсіпкерлік дағдыларға үйренеді және менторлармен жұмыс жасайды.

20.04.2019