Студенттердің кәсіби-бағдарлы тілдік дайындығы бойынша халықаралық семинар

2019 жылдың 31 мамыр күні М. Қозыбаев атындағы СҚМУ және Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінің ынтымақтастық қарым-қатынас аясында ЖОО-да "РФ және ҚР ЖОО - да студенттердің кәсіби-бағытталған тілдік дайындығын ұйымдастыру" атты халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Іс-шарада лингвистикалық емес мамандықтардың студенттеріне шет тілдерін оқыту тұжырымдамасының даму болашағы мен мәселелері талқыланды.

Пікірталасқа Ресейден келген меймандар мен біздің оқытушылардан бөлек,  ҚР Ұлттық Ұлан Әскери институтының педагогтары, мектеп, лицей мұғалімдері мен СҚО және Петропавл қаласы аудандарының білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты. Бүгінде білім беру үдерісін шет тілдерін білмей ықпалдастыру мүмкін емес екенін

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ бірінші проректоры Ербол Исақаев атап өтті. Бұл тұрғыда оқу ордада шет тілдерді игергендердің саны мен тілдік құзыреттілікті арттыру курстарына қатысушылардың пайызы бойынша оң өзгерістер байқалады. 2017 жылы университет ҚР БҒМ Ғылым қоры желісі бойынша жобаны жеңіп алған болатын. Осыған байланысты университетіміздің 150 оқытушысы ағылшын тілін оқып, IELTS сертификатын алмақ.

Оқу ордамызға  шетелдік топ-менеджерлерді тарту бағдарламасы бойынша келген интернационализация жөніндегі проректор Алессандро Фигус бүгінгі күні басталған жұмыс алдағы уақытта жалғасын табатынына сенім білдірді. Ресейлік әріптестер өз баяндамаларында студенттердің өзіндік оқу іс-әрекетінің стратегияларына, білім алушылардың тілдік құзыреттілігін бағалаудың заманауи құралдарына және т.б. тақырыптарға тоқталды.

31.05.2019