Жазғы Президенттік көпсайыстан жүлделі оралды

Жоғары оқу орындары студенттерінің  X жазғы Универсиада аясында мамырдың 27-нен 1-ші маусым аралығында Өскемен қаласында жазғы Президенттік көпсайыс бойынша жарыс өтті. Дүбірлі додаға М.Қозыбаев атындағы СҚМУ құрамасы қатысып, жалпыкомандалық есепте жүлделі 4-ші орынға ие болды. Айта кету керек, Президенттік көпсайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген жалпы 15 ЖОО-ның құрамалары сынасты. 

Ал жеке біріншілік бойынша:

1-ші орынға Аян Кошымов және Иманбаева Томирис ие болды.

3-ші орын Артем Батрак пен Ангелина Кекухқа бұйырды.

Жалпы сайысты ұйымдастырушылар СҚМУ намысын қорғаушылардың дайындығы  жоғарғы деңгейде екенін атап өтті.

06.06.2019