Заманауи инновациялық зертхананың ашылу салтанаты өтті

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де материалдық-техникалық базаны нығайту бағытында үнемі жұмыс атқарылады. Университет қабырғасында 1 қыркүйек күніне орай 8 заманауи инновациялық зертхананың ашылуы  өтті, жалпы құны 187 млн. теңгені құрайды.

Бұл нысандардың едәуір бөлігі болашақ дәрігерлерді дайындауға арналған. 3D-тренажер студенттерді анатомиялық ағзалардың компьютерлік модельдерінің мысалдары бойынша білуге, сондай-ақ науқасты қабылдау мен диагнозды қоюға дейін және қажетті терапияны тағайындау дағдыларын дамытуға көмектеседі. Бағдарламалық жасақтама жалпы практика дәрігерінің нақты кеңседегі жұмысын модельдеуге мүмкіндік береді. Морфология, анатомия және физиология зертханалары қызықтырады, оның арқасында анатомиялық материалмен көрнекі танысудан және мәтіндік ақпаратты алудан бастап, білім сапасын тексеруге және нәтижелерді автоматты түрде өңдеуге дейін толық оқу циклы құрылады.

Университет ректоры Серік Өмірбаев өткен жылдан бастап университетте «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврлар мен интерндерді дайындайтын Жоғары Медицина Мектебін ашылғанын айтты.  Ал 2019 жылдан бастап тағы бір «Фармация» мамандығы ашылды. Біз тәжірибенің клиникалық базасын кеңейту және зертханалық жабдықты жақсарту бойынша жұмыстарды үнемі жүргізіп отырамыз.

Рәсімге қатысқан Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Дәуренбек Бейсенбаев жаңа зертханалардың ашылуы аймақтың бүгінгі күнгі қажеттілігі бар медициналық кадрларды даярлау сапасын арттыратынын атап өтті.

№3 қалалық емхананың клиникалық диагностика бөлімінің меңгерушісі Ақәділ Қаныбек осы медициналық мекеме базасында оқыған біздің интерндермен жұмысы туралы есеп берді. Ол балалардың білімін жоғары бағалап, одан әрі ынтымақтастыққа үміт білдірді. Соның ішінде ЖММ зертханалық кешені негізінде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-зерттеу орталығын құру мүмкіндігі жоққа шығарылмады.

Сондай-ақ, бұл күні эксперименттік физика, робототехника, нанотехнология және атом күші микроскопия лабораториялары ашылды. Мұнда болашақ физиктер, информатиктер, астрономдар өздерінің тәжірибелерін өткізіп, ғылыми зерттеулер жүргізіп, таңдаған мамандығын іс жүзінде меңгере алады.

Ғылыми ойды тартудың тағы бір объектісі жоғары өнімді iMac моноблоктарымен жабдықталған заманауи ІТ-орталығы болуы керек, онда веб-сайттар мен Интернет қосымшалары, сондай-ақ логистикалық бағдарламалау дамитын болады. Сонымен қатар, жастардың инновациялық шығармашылығының орталығы болуы тиіс, онда мектеп оқушылары тұрақты түрде тренингтер мен жобаларды жүзеге асыру үшін тартылатын болады.

02.09.2019