Университетке АҚШ елшілігі мен «EL Fellow» бағдарламасының өкілдері келді

Бүгінгі таңда бүкіл әлемде бір миллиардтан астам адам ағылшын тілін оқиды.  М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да «Герман-роман филологиясы» кафедрасында лингвистер мен шет тілдер оқытушыларын оқытып, мықты маман етіп дайындау үстінде. Студенттерге шет тілін жақсы меңгере түсуі үшін шетелдік мамандарды тарту қажет.  Екінші жыл  қатарынан ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған стипендиялық АҚШ Мемлекеттік Департаментінің «EL Fellow» бағдарлама аясында, американдық оқытушылармен профессорлар  біздің оқу ордамызда  сабақ беріп келеді.

2019 жылы 9 қыркүйекте АҚШ елшілігінің өкілдері университетімізге келді. Олар университет басшылығымен, ТЖӘИ оқытушыларымен және студенттерімен кездесті. Әрі қарайғы ынтымақтастықты талқылады. Енді Британи Кастрати стипендиялық бағдарламасы аясында студенттер мен магистранттарға «Шет тілі: екі шет тілі» және «Аударма ісі» мамандықтары бойынша 10 ай бойы сабақ береді.

«EL Fellow» бағдарламасы ағылшын тілі ана тілі болып табылмайтын студенттермен жұмыс істейтін американдық ұстаздарға арналған, сонымен қатар кандидаттардың магистрлік дәрежесі болы тиіс. Қатысушылар бүкіл әлем бойынша оқу орындарында ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істеуге міндетті, өзінің кәсіби шеберлігімен бөлісіп, халықаралық тәжірибе алып,басқа мәдениетпен танысуға қажет. Бүгінгі таңда мыңнан астам «EL Fellow» стипендиаты 80-нен астам елде өз жобаларын аяқтады.

09.09.2019