"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

Географиялық диктант

Жыл сайын Ресей географиялық қоғамы географиялық білімді насихаттау мақсатында географиялық диктант өткізеді. Биыл ол бесінші рет Ресейдің 5900 жерінде, шетелде 109 жерде өткізілді. Біздің университет солардың бірі болды, онда 27 қазанда математика және жаратылыстану факультетінің 45 студенті мен оқытушылары өздерінің білімдерін тексеру үшін жиналды. Бұл жолы Географиялық диктанттың қатысушыларына берілген тапсырмаларды белгілі ресейлік режиссер және актер Никита Михалков, журналист және тележүргізуші Мария Ситтел, әнші Сергей Шнуров оқыды. Диктант соңында барлық қатысушыларға сертификат берілді.

Бұл іс-шара жалпы дайындық болып табылады, өйткені желтоқсан айында елімізде QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен бүкіл Қазақстандық географиялық диктант өтеді.

29.10.2019