"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.

Әл-Фараби

Тұңғыш Президент күні тойланды

Білім ордамыздың Тұңғыш Президент күніне арналған  салтанатты шара өтті. Оның мақсаты: жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, қоғамдық-саяси қызметті және әлемдік деңгейдегі ірі саясаткер Н.Ә. Назарбаевтың еңбектерін насихаттау. 1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан алғаш рет бүкілхалықтық Президент сайлауын өткізе отырып, президенттік басқару институтына аяқ басқаны белгілі. Арада 20 жыл өткен соң, 2011 жылдың желтоқсанында парламент депутаттары бұл датаға ресми астар беру керек деген бастама көтерді. Арнайы шарада Президентіміз Нұрсултан Назарбаев туралы деректі фильм көрсетіліп, елбасымыз туралы мәліметтер айтылды.

29.11.2019