Орыс тілі мен әдебиеті бойынша СҚМУ пәндік олимпиадасы

                    

                                                 

21.02.2020 ж. Тіл және әдебиет институтында орыс тілі мен әдебиетінен оқушыларға арналған жыл сайынғы кәсіби бағдар беру олимпиадасы өтті. Олимпиадаға облыс аудандары мен қала мектептерінің 10-11 сынып оқушылары қатысты. Сонымен қатар, Олимпиада бағдарламасында "Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру бәсекеге қабілетті түлектің дайындық шарты ретінде" атты мұғалімдерге арналған семинар, "Орыс тілі мен әдебиеті" мамандығының 1-2 курс студенттерімен "Лингва-шоу" интерактивті ойыны, мамандықтың презентациясы ұсынылды. Іс-шара соңында пәндік олимпиада жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Барлық қатысушылар сертификаттар ғана емес, сонымен қатар кездесуден жағымды эмоциялар алды.

22.02.2020