Сөздәйектер галереясы
Таудан биік көңіл бар, теңізден терең ғылым бар, оттан бетер - қайғы-зар.
Сырым Датұлы
Университетте Сапа апталығы басталды
М. Қозыбаев атындағы СҚУ 2020 жылдың 9-13 қараша аралығында жыл сайынғы Сапа апталығын өткізеді және барлық ниет білдірушілерді тыңдаушы ретінде қатысуға шақырады.
Сапа апталығын университет 15-ші рет өткізеді және ол конференциялар, конкурстар, дөңгелек үстелдер, ашық сабақтар мен семинарларды қамтитын оқиға болып табылады.
Сапа апталығы жаңа білім алуға, студенттер мен оқытушылардың шығармашылық қабілеттерін ашатын инновациялық әдістердің қолданылуын көруге мүмкіндік береді, сондай-ақ қоршаған әлемге және жалпы сапа мәселелеріне тағы да егжей-тегжейлі қарауға көмектеседі.
Биыл Сапа апталығы қашықтықтан білім беруге арналған және ол ОНЛАЙН режимінде өткізіледі.
09.11.2020
