Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

«Өз мамандығының үздігі!»

Ағымдағы жылдың 05.11-де Агротехнологиялық факультеттің білім беру бағдарламалары арасында онлайн режимде дәстүрлі түрде өтетін жыл сайынғы «Өз мамандығының үздігі!» атты байқау өтті.

Байқау комиссиясын Nur Otan партиясы «Болашақ» филиалы төрағасының бірінші орынбасары - Зель Александр Викторович басқарды.

Онлайн-конкурстың әзірленген ережесі бойынша қатысушылардың жұмыстары мазмұндылық, шешендік қабілеттер, креативтілік  көрсеткіштері бойынша ескерілді.

Қорытынды жасай отырып, қазылар алқасы студенттердің жоғары дайындығын, кәсібилігін, сондай-ақ өзінің болашақ мамандығын білетіндігін атап өтті. Жанкүйерлер байқаудың әр қатысушысын белсенді қолдады.

1 орын - «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» ББ ТППЖ - 18 тобының студенті - Савченко Татьяна Николаевнаға берілді.

2 орын – «Агрономия», «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» ББ А-17қ және АТӨТ-18-2қ тобының студенттері-Оңғар Жантөре Айдарұлы және Сейтқасымова Сымбат Қанатқызына берілді.  

3 орын - «Орман ресурстары және орман шаруашылығы», «Өсімдік  қорғау және карантин», «Биотехнология» ББ  ЛРЛ –18 тобының  студенті: Подлесный Алексей Николаевичке; ЗиКР -19 тобының студенті Лужинский Сергей Викторовичке, БТ-19 тобының студенті Ералина Камила Сағындыққызына берілді.

Nur Otan партиясы «Болашақ» филиалы төрағасының бірінші орынбасары - Зель Александр Викторович барлық қатысушыларды құттықтап, жеңімпаздарға дипломдар табыс етілді. Құттықтаймыз!!! 

28.01.2021