Сөздәйектер галереясы
Оқу, білім – жанған шырақ ойласаң, Үйренерсің, іздеп көрсең – қалмасаң Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал. Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.
СҒЗЖ республикалық байқауының қорытындысы
Агротехнологиялық факультет студенттері Серікбаев Ернар ( 6В08301 Орман ресурстары және орман шаруашылығы ББ, ғылыми жетекшісі-Новикова А.В.), Шаймерден Әлия ( 6В08301 Агрономия ББ, ғылыми жетекшісі -Кантарбаева Э.Е.), Савченко Татьянаны ( 6B08201 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы ББ, ғылыми жетекшісі- Иль Е. Н) жеңістерімен құттықтаймыз. Олардың ғылыми жұмыстары бағыттар бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық конкурсының қорытындылары бойынша III дәрежелі дипломдармен марапатталды.
